jasqazaq.kz

Оқушыларды тегін тамақтандыру проактивті қызметке айналады

14 желтоқсан 2022, 16:36

Елімізде мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту проактив қызмет түрінде іске қосылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Сол мақсаттарға жету жолында цифрландыру саласында іске асып жатқан кейбір жобаға тоқталсам. Алдымен кедейлікпен күрес. Бұл орайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының цифрлық картасын әзірлеп жатыр. Сол арқылы әр отбасының әлеуметтік жағдайы анықталады. Цифрлық картада отбасы мүшелері туралы мәлімет болады. Екінші мақсат – аштықпен күрес. Ұлттық жоба аясында агроөнеркәсіп саласында көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік қолдау автоматтандырылып жатыр», — деді Мәлік Олжабеков Астанада өтіп жатқан адам және ғаламшарға арналған цифрлық шешімдер тақырыбындағы конференцияда.

Оның айтуынша, фермерлерге арналған мемлекеттік субсидия беру процесін цифрландырып, автоматтандыру процесі жүріп жатыр.

«Сондай-ақ, биыл қиын жағдайға тап болған отбасылардың мектеп жасындағы балаларын тегін тамақпен қамту проактивті қызмет түрінде іске қосылады», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде