jasqazaq.kz

Оқушылар тесттен жоғары бал алу үшін тәуіптерді жағалап жүр

11 маусым 2018, 15:38

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында бақсы-балгерлер көмегіне жүгіну, қасиетті орындарда қону дәстүрге айналған. Сынаққа санаулы күндер қалғанда тәуіптерді жағалаған оқушылар мен жалған үміт сыйлаған көріпкелдер туралы Еуразия арнасы хабарлайды.

Сиқырға сенгендердің бірі – жиырма жастағы Серік. Ол екі жыл бұрын 125 балл жинау үшін дұға оқып беремін деген тәуіпке сеніп, көмегіне жүгінген. Емші-сымақтың айтқанын орындап, кесене аралап, біраз шығынға батыпты.

«Басқа да оқушылар сияқты біз де құрбан шалдырдық, ҰБТ үшін деп. Түркістанға бардық, Қожа Ахмет Яссауи атамыздың басына, бақсы-балгерлерге бара бастадық. Сонымен үйдегілер жолыңды ашатын осындай бір кісі бар деген соі, біз де оқыттық. Кішкене ақшасын бердік. Ол кісі екі аптадай оқыды. Сосын су беріп, ҰБТ-ға кіргенде ішесің деді. Бірақ, пайдасын көре алмадық» – дейді студент Серік Шымат.

Жалпы ғаламтор беттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден оңай өтуге арналған “дұғалар” қаптап кеткен. Ал дін өкілдері мұндай дұғалардың барын түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, сынаққа жақсы дайындалып, одан кейінгісін бір Жаратушыға тапсыруға кеңес береді.

«Пайғамбарымыз с.ғ.с заманында ешқандай да ҰБТ деген болған жоқ. Сондықтан оған арнайы оқитын мынадай дұға бар екен, пайғамбарымыз ҰБТ-ға кірер кезде мына дұғаны оқыңдар деп айтқан сөзі бар екен деген ондай хадис жоқ. Алладан басқа ешкім жолды аша алмайды», – дейді Нұр Астана мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде