jasqazaq.kz

Оқушылар сыныптасын скотчпен байлап, жұмыртқамен атқылаған

10 қазан 2018, 17:46

Ақтауда №8 мектептің оқушылары сыныптасын скотчпен тіреуішке байлап, басына жұмыртқа лақтырған.

Олар өз әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Осы оқиғаға қатысты желі пайдаланушылары арасында дау туған болатын. Әлеуметтік желіде тараған бейнетаспада оқушылар сыныптасын скотчпен байлап қойып, жұмыртқа лақтырып, баланы жылатады. ҚазАқпарат хабарлағандай,осы жағдайға қатысты оқушының ата-анасы еш жерге шағымданбаған. «Ата-анамен және оқушылармен жұмыс жүргізілді. Бейнетаспада бой көрсеткен барлық оқушымен сөйлестік. Баланың ата-анасы шағым жазбады. Оқушылардың барлығы — тәртіпті және үлгерімі жақсы балалар. Анықталғандай, олар бұл әрекетін ойнап жасаған», — дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова. Облыстық ІІД баспасөз қызметі осыған байланысты Ақтау қаласы мектеп оқушыларының ата-аналарына қатысты мектеп инспекторымен бірге іс-шаралар қолға алынғанын мәлімдеді. «Бұл жағдай бойынша жиналған құжаттар Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданады» делінген хабарламада.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді