jasqazaq.kz

Оқушылар сабақты далада оқып жүр (Видео)

10 қыркүйек 2021, 9:22

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында оқушылар сабақты далада оқып жүр. Мектеп жоқтан емес. Бар, бірақ терезесі ашылмайды. Ауа жоқ сыныптарда ауру жамадық деген ата-аналар, шу көтерді. Олар мектеп басшылығына сан мәрте санитиралық талаптарды оңалтуды сұрап барған. Алайда еш нәтиже жоқ,- дейді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Құлсарылық Гүлнәз Бағытжанова бастауышта оқитын ұлының осы мектепте ауру жамағанын айтады. Сабақ басталғалы сыныптың ыстық, ауасы тар екенін сан мәрте үйге айтып келіпті.

Гүлнәз БАҒЫТЖАНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектептің іші ыстық, ауа жоқ. Кеше сабақты бір күн далада, бір күн қайтып іште оқиды. Бүгін келіп тұрған себебім балам ауырып жатыр. Қалшылдап. Үйге келгенде майкасын шешіп аламыз сығып алатындай.

Оқу жылы басталғанына аптадан енді асты. Бірақ ата-аналар балаларын мектептен шығарып алып жатыр. Бұрын бір мыңнан астам оқушы қабылдаған білм ұясында, қазір 700-ге жетпейтін бала бар. Ақ жағалылардан көмек болмаған соң, ата-аналар сыныптарға желдеткіш сатып алып берген.

Сәуле АМАНКЕЛДИЕВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баяғыда кондерға да ақша жинадық. Кондер да үйлеспейді, қабырғасы кондер құруға келмей ме бірдеңе. Вентелятор да алдық. Түрін істедік осы мектепке. Майка кигізбей ақ қой. Ыссылаймыз ішінде жүрегім қысылады, жүрегім айниды дейді. +талай акиматқа да барды. Мұғалімдер де барды. Ата аналар да барды. Ешқандай өзгеріс жоқ.

Мұғалімдер де тығырыққа тіркелген. Олар ыстық бөлмелерде оқу процесін жүргізуде қиындықтарға тап болғандарын мойындайды. Оқушылар жабық сынып бөлмелерінде есінеп, ұйқыға кететінін айтады. Сондықтан ауызша пәндерді далада өткізуге көшкен.

Жанаргүл ШАРҒАБАЕВА, ҚҰЛСАРЫ қ. №7 Е.ХАЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Ауызша пән жаратылыстану, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінде мен далаға шығарып оқытып отырмын көлеңкеге. Өйткені ұйықтады балалар. Балалардың қиналып отырғанын көріп отырмын. Бәрібір менің айтқан білімімді айтқан ақпаратымды қабылдамайды бала.

Бұл білім ордасы 2003 жылы пайдалануға берілген. Құрылысы басқа мектептерден өзгеше. Ғимараттағы 50 кабиенттің 10-ында ғана терезе бар. Қалғандарының жарығы төбеден түседі. Ескірген терезелер мүлдем ашылмайтын болған. Мектептегі желдету жүйесі алғашқы күннен бері істемейді,- дейді директор.

Гүлжансара ТАҢАТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Желдеткіштерді құру, қондыру қайтадан орналастыру туралы сметалық-жобалық құжаттамасы жасалып, күні ертең мемеклеттік веб порталға беріледі. Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде мемлекеттік сатып алу арқылы кім жеңімпаз болады, сол адамға біздер желдеткіш жұмыстарын қосу жұмыстарын бастайды.

Аудандық білім бөлімі, оқу жылын дайындықсыз бастағанға ұқсайды. Ескірген терезелерді ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқанын айтты. Ал оның қашан жөнделіп, балалар қалыпты оқу үрдісіне қосылатынын ешкім айта алмайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия