jasqazaq.kz

Оқушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

27 ақпан 2019, 14:38


Атырау облысында ауыр жол апаты орын алды. Оқушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты. Жантүршігерлік апат салдарынан  3 адам көз жұмып, тағы 15 адам ауруханаға жеткізілді. Автобуста жалпы саны 43 адам болған.

Белгілі болғандай, балалар – «Орал» спорттық клубының оқушылары. Олар жарысқа қатысу үшін Оралдан Атырау қаласына бара жатқан. Полициядағылардың сөзінше, жол апаты Индер-Атырау автожолында, Көктоғай елді мекенінің маңында орын алған.
Апат салдарынан автобуста болған 43 жолаушының үшеуі көз жұмды. Тағы 15-і өңірдегі медициналық мекемеге жеткізілді. Сонымен қатар көз жұмғандардың арасында балалар жоқ екені белгілі болды.
Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келді. Аудандық әкімдіктің шенеуніктері автобуста қалған жолаушыларға ыстық тамақ беріп, оларды қажетті жерге жеткізетін көлік дайындады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 бала Махамбетте жатыр. Олардың жағдайы жақсы. Тағы 4 баланы Атыраудағы облыстық ауруханаға алып кеткен.
«Қазір әріптестерімізге хабарласып, жағдайды біліп отырмыз. Балалар жарысқа бара жатқан. Бұйрық болмаған. Ата-аналары балаларының жарысқа жіберілуін талап етіпті. Клуб басшылығы осылай дейді. Олар кәдімгі рейстік автобуспен жолға шыққан», – дейді БҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.

Караван

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда