jasqazaq.kz

Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

05 қазан 2019, 16:17

Ақтөбе облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Ақтөбеден 13 шақырым жерде «Солтүстік айналма» тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қала жақтан келе жатқан. Жол қозғалысы ережесін бұзып, Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің тізгінінде Тәжікстан азаматы болған. Жол апаты салдарынан автобус бір жанына аударылған. Автобус салонында 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған. Оқиға орнынан 16 бала ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына үш ересек адам жеткізілген.

«Оқиға орнында полицейлер, ТЖ қызметкерлері және медицина саласының мамандары көмек көрсетіп жатыр. Ұйымдастырушылар автобустың полицияға ілесіп жүруі туралы өтініш берілмеген», — делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда