jasqazaq.kz

Оқушылар мектепте еден жумайтын болды

11 қыркүйек 2019, 10:48

Білім министрі Асхат Аймағамбетов балаларға мектепте еден жуу міндеттелмейтінін айтты. Бірақ ата-ана мен баланың өзі қалап тұрса оны да шектемейміз дейді, деп хабарлайды «31 арна».

Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы білім басқармасы басшысы шелекке су толтырып, жеңін түріп қойып кабинетін жуып, мектеп директорларын жаппай флешмобқа шақырды.

Қоғам белсенжілері болса, білім басқармасындағылар кабинетті жуып, тазалыққа шықарғанша мектептердің проблемасын шешуге шақырады. Ата-аналар қауымын басқарып жүрген Гүлбану Әбенова бала мектепке сыймай, парта жетпей жатқанда директорлар қалайша еден жуып жүрмекші деп өз ойын білдірді.

«Денешынықтыру сабағында бір бала қайтыс болды. Білім басқармасы неге барлық мектептердің спорт құралдарын тексермейді. Балалардың қауіпсіздігін неге ойламайды?», – дейді Гүлбану.

Мектепте еден жуғызуға қатысты ата-аналардың ойы екі бөлек. Бірі еңбекке бала кезден баулу керек десе, енді бірі қазіргі баланың еден жуу тұрмақ түстенуге уақыты жоқ деп отыр.

Министр мырза, басқарма басшысы Әнуар Жанғозиннің бастамасын қайталамаса да оқушы кезінде сыныптың ішін жуып, партаны айнадай етіп тазалаған күндерін еске алды.

Мектепте еден жуу ерікті түрде ата-ананың рұқсатымен жүзеге асырылады. Білім министрі оған ешқандай қажеттіліктің жоқ екенін мектептердің барлығы техникалық қызметшілермен қамтылғанын айтады. Бірақ ата-ананың өздеріне балаларды қазірден еңбекке баулып, жасына сәйкес үй шаруасына дағдыландырып отыруға кеңес береді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда