jasqazaq.kz

Оқушылар күзде 10 күн демалады

13 қазан 2020, 12:17


Оқушылардың күзгі демалысы қарашаның 5 мен 14 аралығында 10 күнге созылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі ақпар таратты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қаупіне байланысты оқушылардың І-тоқсаннан кейінгі демалысы алға жылжымайтынын айтқан.

— Бұрын айтқанымдай, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Коронавирус мектеп оқушылары арасында анықталып жатыр. Егер біздің елімізде сырқаттану деңгейі көбейетінін, көптеген ұжымдар арасында індет тарағанын байқасақ, әрине, біз осындай ұсыныстар жасаймыз. Алайда қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Біз жағдайды бақылап отырамыз, әр бағыт жеке қарастырылады. Қазіргі уақытта мұндай шаралар қарастырылмаған, — деген еді министр 1 қазандағы арнайы брифингте.
Тамыз айында Білім министрі Асхат Аймағамбетов 2020-2021 оқу жылына арналған демалыс кезеңдерінің басталу күндері мен мерзімдерін бекітті.

Ол бойынша келесі каникул күндері бекітілді:

1-11 (12) сыныптарда: күзде — 10 күн (2020 жылғы 5 қарашадан бастап 14 қарашаны қоса алғанда), қыста — 11 күн (2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарын қоса алғанда), көктемде — 12 күн (2021 жылдың 20 наурызынан бастап 31 наурызды қоса алғанда);

1-сыныпта: қосымша демалыс — 7 күн (2021 жылдың 8 ақпанынан 14-не дейін).

Мәскеуде ковид-19 ауруларының өсуіне байланысты мектеп оқушылары 5 қазаннан бастап күзгі демалысқа жіберілгенін айта кеткен жөн.

 zakon.kz.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде