jasqazaq.kz

Оқушылар қысқы каникулда 9 күн демалмақ

07 желтоқсан 2022, 11:45

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы мынандай тәртіппен бекітілмек:

1 тоқсан — 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс — 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан — 10 апта, көктемгі демалыс — 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан -10 апта.

1 сыныптарда қосымша демалыс-7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).

Сондай-ақ, пилоттық немесе халықаралық мектептер сияқты басқа да білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша баламалы мерзім қолданылуы мүмкін. Бірақ оның да өз тәртібі қарастырылған.

Ондай жағдайдағы оқу тоқсандарының мерзімдері мынандай тәртіпте ұсынылып отыр:

1 тоқсан — 9 оқу аптасы, күзгі демалыс-10 күн (23 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 9 апта, қысқы демалыс — 15 күн (31 желтоқсаннан бастап 14 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан – 9 апта, көктемгі демалыс — 9 күн (20-29 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан — 9 апта;

1 сыныпта қосымша демалыс — 7 күн.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық