jasqazaq.kz

Оқушылар 3 мың рубиктен Әлихан Бөкейханның портретін жасады (Видео)

31 мамыр 2021, 14:57

Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның панно портретін жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қолға алынған бастамаға Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мұрындық болып отыр. «Бұған дейін «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің 9 мамырда мерген қыз Әлия Молдағұлованың портретін рубик текшесінен жасағанын көрген болатынбыз. Сөйтіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның портретін жасату жайлы ой туды. Бұндағы мақсат – Алаш ардақтысын өскелең ұрпаққа насихаттау, жастарға мессендж жасау», — деді университеттің гуманитарлық факультет деканының орынбасары Азамат Азатов.

Оның айтуынша, панно портретке 3 мың рубик текшесі кеткен. Салмағы – 450 келі, биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,8 метр. 6 оқушы оны 8 сағатта жасап шығыпты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде