jasqazaq.kz

Оқушыға сексуалды сипаттағы әрекеттер жасаған Орал тұрғыны ұсталды

05 қыркүйек 2020, 9:50

Оқушыға сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған 23 жастағы Орал тұрғыны ұсталды.

Қолға түскен ер адам кінәсін мойындап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға тамыз айының ортасында қаладағы су қоймаларының бірінің маңында болған.

14 жасар қыздың анасы 3 қыркүйек күні полицияға шағым түсірген. Күдікті сол бойда анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 124-бабы 1-бөліміне (көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия