jasqazaq.kz

Оқушы теракт жасайтынын хабарлаған

08 сәуiр 2020, 16:20

Алматыда 14 жасар жасөспірім теракт жасайтынын айтып, елді дүрліктірді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірінің WhatsApp номеріне жазған. Ол 8 сәуірде Алматының Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін жарып жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан. «Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды.Ол жоғарыда аталған көппәтерлі үйдің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді», — дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Сондай-ақ, полиция, терроризм актісі бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі