jasqazaq.kz

Оқушы миллионер атанды

24 мамыр 2019, 13:07

Жағымды жаңалық
Тараз қалалық Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастырған жас зияткерлердің «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы мәресіне жетті.

Жоба аясында қала оқушыларының оқуына100 кітаптың тізімі ұсынылған. Бес айға созылған білімділер бәйгесінде мыңдаған оқушы кітап оқуға белсене атсалысты. Әлеуметтік желілерде 3000-ға жуық жазба жарияланды. Осы уақыт аралығында 20000-нан астам әдеби шығармалар оқылған Ең көп оқылған әдебиет қатарында М.Әзуезовтың «Көксерек», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», А.Экзюперидің «Кішкентай Ханзада», М.Мағауиннің «Тазының өлімі» кітаптары бар.
Ал байқауға жалпы саны 48 мектептен 1000-нан аса оқушы қатысты. Жалпы екінші кезеңге мектептерден іріктеліп шыққан оқушылар саны – 88. Байқауда №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының, №46 орта мектептің, №45 қазақ классикалық гимназиясының оқушылары ең белсенді болған. №5 мектептің оқушысы Айғабыл Аружан Джодже Мойестің «До встречи с тобой» кітабын оқып, шығарма кейіпкерінің өмірінен әсерленіп сынып ішінен қайырымдылық қорын ашқан. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балаға материалдық әрі рухани көмек көрсетуде.
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіров демеушілік етті. Сондай-ақ қалалық мәслихат депуттары мен жазушы Несіпбек Дәутайұлы бастаған бір топ қаламгерлер мен қоғам белсенділері жобаға қаржылық қолдау көрсетті. Сонымен 5-7 сыныптар арасындағы санатта ІІІ орынды №30 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Сабина Сүлеймен мен №31 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Гюзаль Османова өзара бөлісті. Қос кітапқұмарға 75 000 теңгенің сертификаты табысталды. ІІ орынды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Данияр Бекежан мен №54 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Тоғжан Аллаберген еншілді.
Жүлделі І орынның 500 000 теңге бәйгесіне И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Айзере Ерен ие болса, 8-11 сыныптар арасында
ІІІ орынның 250 000 жүлдесі №7 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Галина Буркинаға бұйырды. ІІ орынның тұғырынан Керімбай атындағы №12 мектеп гиназиясының 10 сынып оқушысы Айгерім Мейрханова көрініп, 500 000 теңгені олжалады. Ал байқаудың I орын жүлдесі – 1 000 000 теңгені Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 9 сынып оқушысы Қазына Әбдісейіт жеңіп алды.
Сонымен қатар, байқаудың қалалық деңгейде өткеніне қарамастан өз қалауымен 61 кітап оқып, көзге түскен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Фатима Баймаханға облыстық әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» балалар лагеріне 20 күндік жолдама табыс етті. Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Қапарқызы жас зияткерге ноутбук тарту етті. Оқыған кітабынан әсерленіп қайырымдылық қорын ашқан №5 Жамбыл атындағы мектеп гимназияның оқушысы Айжан Айғабылға Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының атынан смартфон сыйға берілді.
Салтанатты жиында жеңімпаздардан бөлек байқаудың екінші кезеңіне қатысқан барлық оқушы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан мамандар мен кітапханашыларға ұйымдастырушылар арнайы алғыс хат табыс етті.
Шараны ұйымдастырушы «Jambyl-Taraz» ЖШС редакциясы» Бас директор-редакторы Эльмира Мырза-Ғали: «Балалардың кітап оқуға деген ынтасы қуантты. Олар оқыған шығармаларындағы кейіпкерілерінің ерлік, елдік жолындағы жанқиярлық, жанкештілігіне еліктейтіндігін байқатты. Яғни, жас балалардың өмірге бейімделуі де әдеби көркем шығармалардың өзегінде жатыр. Қазір жастар кітап оқымайды дейміз. Ал байқауға қатысуға ынта танытқан мыңға жуық оқушының талпынысы – кітапқұмар балалардың көп екендігін көрсетті, – дейді.

Ерман ҚАНЖАНҰЛЫ,
Тараз қаласы,
Жамбыл облысы

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда