jasqazaq.kz

Оқушы мектеп терезесінен секірмек болды

24 желтоқсан 2018, 11:41

Өскеменде 5 сынып оқушысы сабақ үстінде терезеден секіріп кетпек болды.

Мектеп директоры бұған дейін де баланың жүйкесі сыр бергенін айтады. Ол үзіліс уақытында сыныптасымен сөзге келіп қалыпты. Сабақ үстінде терезеге шығып, секіремін деп елдің зәре-құтын алған оқушыны мұғалім әрең дегенде тоқтатқан, деп хабарлады Алтайньюс.

«Ол бізде бірінші сыныптан бері оқиды. Сабағы нашар болса да, тәртіп бұзған емес. Бұл жерде басты түйіткіл бар… Біз оның невропатологта есепте тұрғанын білеміз. Алайда анасы оның диагнозы туралы ештеңе айтпаған» – дейді мектеп директоры.

YK-news сайтының мәліметінше, мектеп психологы бала әңгімелесу кезінде үнемі көзін ала қашып, сөйлескісі келмейтінін айтқан.

«Одан кейін өз қолын өзі шымшылап қыса бастайды. Әрең қойдыратынмын» – дейді ол.

Ал баланың анасы болса ұлымды осыған жеткізді деп мектептегілерді кінәлады.

«Бәрін бүркемелеп, өтірік айтып отыр. Директор болса, ешқандай шара қолданбады. Енді прокуратураға шағымданамын», – дейді.

Айта кетейік, баланың анасы ішкі істер органдарына арызданып үлгерді.

 

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер