jasqazaq.kz

Оқушы қызды ұялы телефоннан қалай тоқ соққанын әкесі айтып берді

30 қыркүйек 2020, 13:56

Алматы облысында 10-сынып оқушысы ұялы телефонды қуаттағышқа қойып сөйлесіп, тоқ соғып мерт болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Телефоны балқып кеткен. Телефонның іздері бетінде қап-қара болып тұр. Телефон арқылы тоқ ұрып, құлақ жағынан миына әсер еткен, миынан жүрекке барған. Жүрегі сол кезде тоқтаған деді»,- деп қызынан айырылған Ақылжан Өмірбаев қайғысымен бөлісті.

Марқұмның жақындарының сөзінше, қызы қуаттағышты базарлардың бірінен сатып алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында оқушы қыздың қуаттағышта тұрған ұялы телефонның тоғы соғып, мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Осыдан тура бір жыл бұрын Алматы облысында тура осындай қайғылы жағдай болған еді. Ол кезде Қаратал ауданының 14 жастағы оқушысы қуаттағышта тұрған телефонының жарылып кетуінен көз жұмды.

Араға тура жыл салып, оқиға бір облыстың екінші ауданында қайталанып отыр. Сондықтан мамандар, ұялы телефонды қуаттағышқа қойып сөйлесуге, телефон жанында ұйықтауға болмайтынын қатаң ескертеді. Себебі бұл сіздің өміріңіз үшін қауіпті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия