jasqazaq.kz

Оқушы қыздардың мектепте хиджаб киюіне рұқсат беріле ме?

08 маусым 2022, 15:46

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекеме саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмай қалуы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктерін іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ» дейді комитет төрағасы. Оның айтуынша, қазір түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Соның ішінде оларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар. Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігінің мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. «Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз бүкіл баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл — эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең алдымен балалардың мүддесі мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек» дейді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде