jasqazaq.kz

Оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрады (видео)

19 қазан 2020, 13:45

Атырау облысында оқушы қыз оны ызақор ата-анадан қорғауын сұрап, видео жариялады.

Қыздың Instagram желісіндегі парақшасында әкесі оны жуылмаған ыдыс-аяқ үшін ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Өтінемін, көмектесіңіздерші. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Видеоны жариялап, дұрыс істеп жатырмын ба, жоқ па — білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін», — деп жазды қыз.

Полиция өкілдері істі бақылауға алғанын айтты.

«Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкесінің) кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздер айтып жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы («кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия