jasqazaq.kz

Оқушы бала жарты айдан бері іздестірілуде

21 қыркүйек 2020, 17:02

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 10-сынып оқушысы жарты айдан бері табылмай жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«2004 жылдың 30 қазаны күні туған Жұмасыл Ерасыл Серікқалиұлының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар полицияға 10 қыркүйекте келіп түсті. Содан бері жасөспірім бала іздестірілуде», — деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

16 жастағы жасөспірім Сарқан ауданы, Черкаск ауылындағы үйінен 9 қыркүйекте шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Ол Черкаск ауылының Тынышбаев атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды.

Үстінде қызыл түсті спорттық күртеше, қара түсті жеңіл куртка, қара түсті трико, аяғында ақшыл көк түсті спорттық аяқ киім болған. Бойы – 170 см, шашы қоңыр түсті.

«Осы дерек бойынша қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғастырылуда», — деді департаменттен.

Полицейлер Ерасыл жайлы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде