jasqazaq.kz

Оқушы адам өлтірді деп күдіктелуде

02 мамыр 2019, 11:44

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жастағы жеткіншектің өлімі үшін күдіктелуде хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға Ақтөбе қаласында ойнап жүрген екі мектеп оқушыларының арасында болған.

Төртінші сынып оқушысының денесі 21 сәуір күні жер қойнына тапсырылды. 10 жастағы бала ұзақ уақыт ауруханада комада жатқан.

«Бұл оқиға мектепте болған жоқ. Өткен жексенбі күні жерлеу рәсімі өтті. Бала демалыста үйінің қасында достарымен ойнаған. Кейін баланың жағдайы нашарлап ауруханаға апарады. 9 сәуірде және 16 сәуірде екі рет ота жасалған. Бала комада болғаннан есін жинай алмаған», — дейді мектеп директорының орынбасары.

10 жастағы баланың өліміне басқа мектептің жетінші сынып оқушысы күдікті деп танылған. Қазіргі уақытта ол сабаққа барып жүр.

«Мектепте ата-аналармен кездесулер өтті. Қазір ол бала сабаққа келіп жүр. Сабақ үлгерімі жағынан екпінділер қатарында. Тәртібі жақсы. Бұрын оқушылар арасында ондай жағдай болып көрген жоқ», — дейді мектеп директоры.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.

«Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабымен іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде