jasqazaq.kz

Оқу жылы басталғалы елордада 47 оқушы коронавирус жұқтырды

05 қараша 2020, 14:09

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева соңғы бес аптада коронавирусқа шалдыққандар бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады.

«5 апта бойы өзі ауруханаға жүгінген және үйде байланыста болған науқастар санының артуы сақталып отыр, бұл қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамағанын білдіреді. Мәселен, соңғы 5 аптада тіркелгендердің 38 пайызы медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды, 35 пайызы (213 жағдай) науқастармен байланыс бойынша зертханалық тексеру кезінде, 27 пайызы (160 жағдай) профилактикалық тексеру кезінде анықталды. Байланыс жағдайларының арасында үй ошақтарында инфекция басым болады және стационардағы жұмыс бойынша 8 пайыз», — деді Ж. Пірәлиева онлайн режимде өткен коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, 45 оқушы індет жұқтырды, соның ішінде 37-сі қашықтан білім алып жатқандар. Сонымен қатар, 12 студент (қашықтықтан білім алуда), басқа салаларда жұмыс істейтін 290 (оның ішінде 121-і қашықтан) адам, жұмыс істемейтін 164 тұрғын, зейнеткерлер санатындағы 78 адам ауруға шалдыққан. «Оқу жылының басынан бері барлығы 47 оқушы ауырып қалды, оның 39-ы қашықтан білім алып жатқандар. Байланыста болғандар арасында КВИ жоқ», — деді Ж. Пірәлиева.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия