jasqazaq.kz

Оқу орнының ішінен сауна салдырған кім?

05 шiлде 2018, 11:58

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде жұмысшылар шу шығарды. Олардың айтуынша, жиырмаға жуық адамды университет басшылары жалдап, ғимаратты жөндеткен. Бірақ он айдан бері ақшаларын төлемей қашып жүр екен. Ал университет ректоры болса оларды танымаймын деп отыр. Сондықтан бір тиын ұстатпайтынын айтады.
КТК хабарлағандай, бір жыл бойы еркін кірген білім ошағына енді жұмысшылар жолай алмай жүр. Ректор отыратын ғимарат пен университеттегі сауна және би залындағы жөндеу аяқталған соң бізді қуып шықты дейді наразы топ. Қолдарына бір тиын ұстатпапты. Еңбекақыларын даулап келген оларды бүгін де табалдырықтан аттатпай  қойды.
Жұмысшылардың сөзінше, оларға университеттің қарызы 16 миллион теңгеге жеткен. Бірақ құжат жүзінде ешбірімен келісімшарт жасамапты. Ректордың өзі жалақыларын даулап келгендермен жүздесуден бас тартты. Керісінше, оларды сотқа беремін деп отыр. Ал білім ордасының басшыларына арналған саунаға жөндеу жасамақ тұрмақ, ондай демалыс орны атымен жоқ дегенді айтады.
“Мен сотқа беремін. Бұл менің жеке басыма және университет беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл сауна ашып ойын-сауық жасайтын жер емес”, – дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.
Ең қызығы, ректор қанша ақталғанымен, университетте басшыларға арналған сауна бар болып шықты. Жұмысшылар жөндеп қана қоймай, бастықтардың әр қыдырысынан кейін тазартып қоюға мәжбүр болған.
“Бұл жақта сауна бар. Бұл жаққа ешкімді кіргізбейді. Бастықтардың өздері түсіп жүрген ғой, яғни. Себебі қыздар бастықтардан кейін барып сол жерде жуып жүрді”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алмас Расбаев.
Жөндеу жүргізілген университет бөлмелерін көруге ректор рұқсат бергенімен, неге екені белгісіз сауна жаққа баруға тыйым салды. Ал ақшаларын даулаған жұмысшылар еңбек инспекциясы мен прокуратураға арызданбақшы. Сондай-ақ тендерсіз жөндеу жүргізе беретін мемлекеттік мекемені толық тексеруден өткізу керектігін айтады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді