jasqazaq.kz

Оқу ақысы бөтелкемен төленетін мектеп бар

30 маусым 2019, 14:44

«Ата-аналар баланың оқу ақысын пластик бөтелкелермен төлейді. 32 жастағы Ориола Олувасейи Нигериядағы Лагостағы коммерциялық орталыққа барып, күнделікті бөтелке жинайды.

Осылайша, төрт баланың анасы бөтелкелермен Морит халықаралық мектебінде оқитын қызының оқу ақысын төлейді», — деп жазады CNN басылымы. Автордың сөзінше, Морит халықаралық мектебі ACI (Африка тазалық бастамасы) үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп мектептегі оқу ақысын пластик бөтелкелермен қабылдау жобасын қолға алды. «RecyclesPay деп аталатын жоба аясында кірісі төмен топтарға балаларын оқытуға мүмкіндік беріліп отыр. Олувасейи сияқты ата-аналар айына екі рет өңдеуге жарамды пластик бөтелкелерді мектепке тапсырып, оқу ақысын жабады. Әр 200 келі бөтелке 11 долларды құрайды. Ал халықаралық мектептегі оқу ақысы бір семестрде 24 доллар тұрады», — деп жазады автор. Мәлім болғандай, жыл сайы Лагоста 450 мың мегатонна пластик қалдық тасталады. Ал Нигерия пластикалық ластану бойынша әлемде 11-орында тұр. «ACI жобасы Лагостың бес мектебінде жүзеге асырылады және осы жобамен мыңнан астам бала оқып жатыр. Бұл жол экологиялық проблеманы шешіп қана қоймай, экономикалық потенциалды да арттыратыны сөзсіз», — делінген CNN-да.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда