jasqazaq.kz

ОҚО-да жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

02 сәуiр 2018, 14:19

Жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы 26 наурызда Алматы — Ташкент — Термез тасжолында Шымкент қаласының маңында болды. 1960 жылғы ер адам мас күйде ВАЗ-21074 көлігін басқарып, жол-көлік оқиғасына тап болып, екі адамды мерт қылды. «Осының салдарынан — 1962 жылғы ер адам мен 1961 жылғы әйел — жүргізушінің туған інісі мен келіні оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына жеткен ОҚО ІІД жедел тергеу тобының қызметкерлері қажетті сараптамаларды жүргізді», — деді ведомстводағылар. Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды