jasqazaq.kz

ОҚО-да полиция ауыл тұрғынын пышақпен жарақаттаған (видео)

02 қараша 2017, 12:40

ОҚО Созақ аудандық ІІБ бастығының орынбасары Олжас Амандықов мас күйінде Шолаққорған ауылының тұрғыны Елнұр Ибрагимовтың үйіне түн ортасында баса көктеп кірген, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы фейсбуктің Фонд борьбы с КОРРУПЦИЕЙ тобында Марат Т.а. есімді желі қолданушысы жазып, видео жүктепті.
Оның жазуына қарағанда, өзара кикілжіңге барған полиция бастығының орынбасары пышақпен үй исенің қолын жарақаттаған. Онымен шектелмеген тәртіп сақшысы көлігінен бейсбол таяғын алып, соққы жасамақ болған көрінеді. Бірақ араға көршілері түсіп, ажыратуға тырысқан. Видеода үй иесі қолынан пышақ жарақатын алғанын айтып көрсетеді. Арнайы шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Созақ аудандық ІІБ қызметкерлерін ішіп алған Олжас Амандықов қуып жіберген көрінеді. Сондай-ақ, Елнұрдың қарындасы да пышақ жарақатын алған. Дегенмен қазір полиция қызметкерлері оларға ешқайда шағымданбауды өтініп, дәрігерлік тексеруден өткізуге тыйм салып жатқан сыңайлы.

ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!

https://www.facebook.com/100015748305788/videos/230699064131702/

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті