jasqazaq.kz

ОҚО-да оқушыны зорлау оқиғасының сараптамасы белгілі болды

13 наурыз 2018, 16:35

Сот-медициналық сараптама қорытындысы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Оңтүстік Қазақстан облысы сот сараптама институтының мамандары баланың зорланбағанын анықтаған. Сарыағаш аудандық ауруханасы да оқушының денесінен ұрып-соғу белгілерін таппапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы ауыл тұрғыны бұдан бұрын өзінің қамқорлығындағы 1-сынып оқушысының зорланғанын хабарлаған болатын. 12 қаңтарда ол полицияға арыз беріп, екінші сабақтан кейінгі қоңырау кезінде немересін 13 жасар бала ұрып-соғып, зорлады деп шағымданған.

«Тамыз айында бірінші сынып оқушысының әжесі АІІБ-не немересін соққыға жықты деп арыз берді. Әйел адамға жалған шағым түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілген. Сол кезде ол арызын қайтып алады. Кейін 12 қаңтарда тағы бір шағым түсіреді. Оның айтуынша, тамыз айынан бері ағайынды 6-шы және 7-сынып оқушылары немересіне сексуалды сипатта зорлық жасап келген. Тергеу басталып, комиссия құрылды. Бірінші сынып оқушысы мен айыпталған жасөспірімдер бір үйде тұрады, бірақ әртүрлі мектепте оқиды», — деп мәлімет берді Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов.

Майриховтың өзі мектепке барып, сабақ кестесін анықтап, бақылау камераларындағы жазбаларды көрген, психологтармен сөйлесіп, директормен де жиналыс өткізіпті, бірақ әжейдің айтқан сөзін растайтын еш дәлел таппаған.

Білім беру бөлімінің басшысы атап өткендей, ағайынды жасөспірімдердің өкілі 62 жастағы әйелді сотқа бергелі отыр. Өйткені балалардың әкесі қатты күйзеліске ұшырап, бірнеше күн бұрын қайтыс болған екен.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, зорлық жасалғаны дәлелденген жоқ.

«Сараптама жасалды, баланы ешкім зорламаған», — деді ол сейсенбі күні тілшілерге.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде