
Оңтүстік Қазақстан облысында мектепті осыдан 20 жыл бітіріп кеткен түлектер Рамазан айында жалғызбасты анаға естен кетпес сый жасады.
NUR.KZ. хабарлағандай, түлектер қасиетті айда Түлкібас ауданында тұратын 7 баласы бар жалғызбасты анаға баспанаға сыйлаған. Facebook желісінде тараған мәліметке сүйенсек, көпбалалы анаға мұндай тосынсыйды Тұрар Рысқұлов ауылындағы мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жасаған.
Түлектердің бұндай қайырымды ісін көрген желі қолданушыларын алғысын жаудырып, ізгі тілегін білдірді.
https://www.facebook.com/kyzyktystudiya/videos/vb.100008099232876/2092097121070242/?type=2&video_source=user_video_tab