jasqazaq.kz

Оқиға орнынан 5 мың теңгелік төрт купюр табылған

25 желтоқсан 2018, 14:57


Жамбыл облысы Тараз шекара отрядының «Сыпатай Батыр» шекара заставасының аумағында бүгін түнде шекара наряды түнде көретін құрылғының көмегімен біздің елге қарай өтпек болған шекара бұзушыны ұстады. Оқиға сағат бірлер шамасында орын алған.
ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, шекара сақшысы көрші мемлекеттің аумағынан келе жатқан шекара бұзушыны түнде көретін құрылғы арқылы алдын ала көріп, қарсы алдынан шығып ұстаған болатын.
«Ұсталған адам тексеріліп жатқан кезде өзіміздің аумақ жақтан бейтеныс біреу келіп, электрлі дабыл беру қоршауының сыртында тұрып, шекара бұзушыны босату туралы өтініш айта бастады. Өтінішінен ештеңе шықпасын түсініп, қалтасынан түйіншек алып шекарашы жаққа қарай лақтырды. Шекара бұзушыны ұстап тұрған шекарашы радиостанция арқылы көмек шақыра бастаған кезде ғана «күтіп алушы» Андас батыр ауылына қарай қашып үлгерді. Ұсталған 25 жастағы қырғызстандық болып шықты. Оқиға орнынан 5 мың теңгелік төрт купюр табылды», — делінген хабарламада.
Болған жағдай туралы құқық қорғау және басқа да өзара әрекеттес органдар хабарланды. Тексеру жүріп жатыр.

BAQ.KZ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде