jasqazaq.kz

Оқ атып, адам жарақаттаған күдікті қолға түсті

06 шiлде 2022, 15:53

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында оқ атып, адам жарақаттаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Анықталғанындай, оқиға Жалағаш ауданының орталығында болған. Жас жігіт қаруды көше бойында қолданады.

«Аталған оқиғаға байланысты «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, толық және обьективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа дерек жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр