jasqazaq.kz

Ойыншық жолбарыстан қорыққан полицей

07 ақпан 2018, 12:03


Сиыр қорасында жыртқыш жануарды көрген 24 жастағы Брюс Грубб атты малшы дереу полицейлерді шақырған. Шақыртуға қарулы полицейлер бірден келіп жеткен. Дегенмен олар жолбарысты көріп, көліктерінен шықпай қойған, — деп хабарлайды The Sun. Оқиға Шотландияның Абердинши́р аймағында болған. Біраз уақыттан кейін малшының өзі жолбарыстың ештеңеге елеңдемейтінін байқайды да, оған көлігімен жақын келеді. Осыдан кейін ғана полицейлер мен малшы өздерін сонша үрейлендірген жолбарыстың жұмсақ ойыншық екеніне көзі жеткен.


«Сиыр қораға кіргенімде оның шын жолбарыс екеніне күмәнім болмаған. Шошып кеттім, оның үстіне полиция келгенше, ол сиырларымды жарып тастайды деп қорықтым», — дейді Брюс Грубб. Малшы бұл аймаққа үш апта бұрын көшіп келіп, соның құрметіне кішігірм той жасаған. Ойыншықты мас қонақтарының бірі қалжыңдап қойып кеткен болу керек.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды