jasqazaq.kz

Ойыншық тапаншамен ойынхананы тонады (Видео)

03 қазан 2022, 14:08

Қарағанды облысында қарақшы компьютер клубына ойыншық тапаншамен кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«30 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полицейлерге клубтың қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді.
Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды», — делінген полиция мәліметінде.

Күдікті сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалып, соңында осындай әрекетке барғанын айтқан.

«Ол ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр