jasqazaq.kz

Ойыншық тапаншамен ломбард тонаған қостанайлық ұсталды

24 наурыз 2021, 14:43

Қостанай облысына қарасты Жітіқара қаласында ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған азамат ұсталды.

Облыстық ПД мәліметінше, қаладағы дүкендердің бірінің сатушысы полицияға хабарласып, белгісіз адамның тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, саудадан түскен ақшаны беруін талап еткендігін айтқан.

«Сатушы сол уақытта дүкенге сатып алушылар кіріп, белгісіз адамның тез арада шығып кеткендігін айтты. Бірнеше минуттан кейін көршілес дүкеннің де сатушысы дәл осындай фактінің орын алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанып, қаладағы барлық дүкенге ескерту жасалды және күдіктінің белгілері хабарланды. Барлық патурль дүкендерге қарай жіберілді. Бірнеше минуттан кейін дүкендердің бірінің сатушысы хабарласып, сипатталған адамдың көргенін айтты. Ол бірден қолға түсті», — деді полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тергеу іс-қимылдары барысында аталған адамның осыдан екі күн бұрын Қостанай қаласындағы ломбардтан ақша қаражатын тонап кеткендігі анықталды. Ол кезде де күдікті ойыншық тапаншамен ломбард қызметкерін қорқытып, 600 мың теңге алып кеткен. Ломабард қызметкері күдіктіні таныды. Осылайша, Қарабалық ауданының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия