jasqazaq.kz

Ойыншық аюға есірткі жасырған екі студент ұсталды (Видео)

28 қазан 2021, 16:28

Ақмола облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен екі қыз ұсталды.

“Рефлекс” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткілерді жасырумен айналысатын колледж студенттері ұсталды. Олар бұл істі қосымша жұмыс іздеп жүріп, интернеттегі хабарландыру арқылы тапқан. Хабарландыруда асханадағы жұмыс көрсетілген. Онда табыс күніне 30 мыңға дейін жететіндігі айтылған. Алайда хат алмасу барысында қыздар бұл істің есірткімен байналысты екенін түсінеді. Соған қарамастан, ұсыныстан бас тартпаған. – Республикалық “Рефлекс” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласының аумағында “Оқжетпес” стадионының жанында синтетикалық есірткі заттарын жасыратын екі студент ұсталды. Олардан 95 есірткі түйіні тәркіленді, – деді Ақмола облысы ЕҚҚІБ бастығы Мейрам Жапбасов.

Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Қасым атап өткендей, жоғары сынып оқушылары мен студенттер мұндай хабарландыруларға жиі жауап береді және олардың арасында бұл істі тастамай, артынан темір торға түсетіндер де бар. Жедел қызметкерлердің айтуынша, қыздар бірге жұмыс істеген. Бірі есірткіні жасырса, екіншісі оның қайда жасырылғанын түсіріп, тапсырыс берушімен хат алмасып отырған. Тінту кезінде 18 жастағы студенттен белгілі бір иісі бар, ақ және көк түсті 34 түйір есірткі тәркіленді. Ал ойыншық қонжықтан 60 түйір есірткі анықталды.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қайта сараланатын болады. Осы бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап өтті Мейрам Жапбасов.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 12 есірткі жасырушы ұсталды, олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар. Заңсыз айналымнан жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Polisia.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр