jasqazaq.kz

Ойын бизнесі неліктен маңызды әлеуметтік рөл атқарады?

19 наурыз 2021, 10:31

Экономиканың саласы

Соңғы жылдары ойын бизнесінде көңілсіз күй қалыптасты: казино мен букмекерлік кеңселерде ар-ожданы мен адамгершілігі таяз адамдар отыр. Олар абайсызда адасқан бейшараны арбап, болашағы бұлыңғыр әлемге қалай енгізіп жіберуге болатынын көріп отыр. Ояныңыз! Мұндай көріністі сіздің санаңызға лас жол арқылы ақша тапқысы келетін адамдар мақсатты түрде енгізді.
Біраздан бері құмар ойындары жеке адамдарға ғана тиесілі болмай қалды. Бұл – нақты бизнес. Мұнда мыңдаған адам жұмыс істейді. Он мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.
Кез келген бизнес сияқты, құмархана, ұтыс ойындары мен лотереяларға кездейсоқ келушіні тонамай, оны тұрақты келетін қонаққа айналдыру маңызды. Бұл тәсіл кез келген бизнес сияқты жұмыс істейді.

Бүгінде елімізде 30-дан астам букмекерлік кеңсе, 20-ға жуық казино мен ойын автоматы залдары бар. Сондай-ақ лотерея ұйымдастырушы ұлттық компания жұмыс істейді. Бұл шамамен 5-6 мың адам. Аталған сала жылына 20 миллиард теңгеге жуық салық төлейді. Төлем жүйелерінің бизнесі ойын бизнесімен байланысты. Мыңдаған адам 40-қа жуық компанияда жұмыс істейді. 3 мың маман төлем терминалдары паркіне қызмет көрсетеді.

Әдетте, терминалдар «үйдің жанында» форматындағы шағын дүкендерде орналасқан. Олардың жалдау ақысы аталған сауда нүктелерін ұстап тұруға көмектеседі. Әрі үлкен дүкенге бармай-ақ, үйдің маңайынан азық-түлік сатып алуға, уақытымызды үнемдеп, жүйкемізді тоздырмауға мүмкіндік береді.

2020 жылдың 12 айында Қазақстанда барлық типтегі 77 431 көлік құралы шығарылды. Автокөлік өнеркәсібі жұмысының жиынтық нәтижесі 612,8 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, өткен жылы мемлекет тарапынан жасалған зор қолдау көрсетілді. Соның арқасында отандық автомобиль зауыттары алдыңғы жылға қарағанда бір жарым есе көп автокөлік шығарды. Ақшалай өсім 70 пайызды құрады. Егер әлгіндей көмек болмағанда, өндіріс 360 миллиард теңгені құрайтын еді. Бұл қазірдің өзінде ойын бизнесінің көлемімен салыстыруға келеді. Ойын бизнесі де экономиканың маңызды саласына айналды, яғни мемлекет тарапынан көңіл бөлуге тұрарлық.

Ақ сауыты жарқырап…

Реттеуші орган әдетте, бизнестің пікірін естімейді немесе ескермейді. Егер казинолардан немесе букмекерлік кеңселерден реттеушінің көңілінен шықпайтын ұсыныс түссе, онда ол бірден халықтың жаппай наразылығына ұшырайды. Ондай сәттерде белгілі әдіс қолданылады, яғни бәрімізге ойын бизнесінің халал емес, харам екені және оның мемлекеттік қатаң бақылауында болу қажеттігі жайында еске түсіреді. Халыққа өзін ақ сауыты жарқыраған ер ретінде көрсете отырып, уәкілетті орган бизнестің мүдделерін ескеруді ұмытады.

Жұмысшы топтарының отырысында ойын бизнесі өкілдеріне олардың әлеуметтік салаға жатпайтыны ашық айтылады. Онда неліктен біз сіз үшін алаңдауымыз керек?
Бұл ойын бизнесін сауын сиыры ретінде пайдалануға тырысуға әкеліп соқты. Сондай-ақ бөліске салатын нәрсе де баршылық.

2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Бәс тігуді есептеу орталығын енгізу ережелері әзірленді. Өткен жылдың көктемінде бұл құжат Парламенттен өтіп, тамыз айында Мәдениет министрлігі тендер өткізіп, бірінші кезеңнің жеңімпазы ретінде бұрын ешкімге белгісіз болып келген «Exirius» ЖШС-ны бекітті. Ол Бәс тігуді есептеу орталығын құруы керек болған. Ал орталық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын бастауы керек еді.

Егер аталған салада ережелер нақты жазылмаған болса, мұндай қарқынды жұмыс жүрізу мүмкін болмас еді. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі Бәс тігуді есептеу орталығын енгізуді құмар ойындарына тәуелділермен және көлеңкелі нарықпен күрес құралы ретінде қарастырды. Егер Мәдениет министрлігі ойын бизнесін елдегі туризм мен спортты дамытудың бір бөлігі ретінде қарастырса, дұрыс үгіт-насихат жүргізіп, осы саланы дұрыс басқаруға тырысса, одан көп пайда табар еді.

Бизнес белгі күтеді

Мәжілістегі жұмыс тобында мынадай мысал келтірілді: футбол, хоккей, волейбол, баскетбол сияқты спорттық іс-шаралардан тікелей көрсетілім үшін букмекерлік кеңселер 1 миллиард теңгеге жуық демеушілік жасады. Жалпы алғанда, барлық трансляцияларға букмекерлік кеңселер демеушілік жасаған. Толық немесе жартылай. Бұл ойын бизнесін дұрыс пайдалану. Себебі бұл – олардың наны. Ұлттық спорттық командаларға букмекерлік кеңселер тікелей демеушілік көрсетеді. Негізінен 5-6 ірі кеңсе көмектесті. Олар – нарықтағы ойыншылардың төрттен бірі. Егер мемлекет құмар ойындарына қатысты оң ережелер қабылдап, сала үшін ауыр салық жүктемесін енгізуден бас тартса, спортты дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін көбейтуге болады. Бизнеске де осындай белгі береді. Бұған жағдай жасалған.

Мәдениет және спорт министрлігі кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруды қысқартты.
Өткен жылы Қазақстан Республикасында кәсіби спортқа 55,5 млрд теңге бөлінсе, биыл тек 22 млрд теңге қарастырылған.

Бұдан былай Африка мен Балқаннан келген белгісіз спортшыларға миллиондаған жалақы берілмейді. Бұл жағдай клуб басшыларын нақты жұмыс жүргізуге мәжбүрлейді. Біз кәсіби спорттың имиджін жақсартуымыз керек. Ендігі кезде стадиондарға жанкүйер тарту, спорт бұйымдарын шығару, жарнамамен айналысу, балалар спортын дамыту міндеті тұр. Бұған букмекерлік кеңселер болмаса, кім көмектеседі? Ол – спорттың табиғи серіктесі. Ол спорттық жарыстармен өмір сүреді және спортты әділетті етуге мүдделі. Мысалы, Қазақстанда букмекерлік кеңселер тарапынан қарсыластардың адал сайыс өткізгеніне күмәндануына байланысты ойын нәтижелерін жою фактілері қазірдің өзінде бар.

Тәулігіне екі сайт

Екіншіден, мемлекеттің салық алуға мүдделі болмауы екіталай. Букмекерлік кеңселер мен казиноларға қысым жасау елімізде жергілікті заңдарға бағынбайтын шетелдік кеңселердің пайда болуына әкеліп соғады. Мысал ретінде көрші Қырғызстанды алайық. Онда құмар ойындарына тыйым салынғандықтан, бюджет миллиардтаған сомнан қағылып, шығынға ұшырап отыр. Бұл тек салық қана емес, сонымен қатар оффшорлық аймақтарда тіркелген сайттар арқылы елден шығарылған қаржы.

Ресми түрде мұның барлығымен Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) айналысуы керек еді. Бірақ оның мақсаты басқа, яғни майлы жіліктен өз үлесін алу. Оның жұмыс ережелерінде ақша айналымы егжей-тегжейлі жазылған.

Бірақ ойыншылармен қалай жұмыс жүргізілетіні түсініксіз. Заңсыз электронды казинолармен, шетелдік букмекерлік кеңселермен және ұтыс ойындарымен күрес мүлде жоспарланбаған.
Мәдениет министрлігі мұндай сайттармен күресе алмайды. Веб-порталға кіргізбес үшін, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну керек. Оған 2 апта уақыт кетеді. Бұл ретте жоғары табысқа ие сервистер тәулігіне тек Қазақстанға бағытталған 2 айна шығара алады.

Өзге елдердің тәжірибесіне көз салайық. Ағылшын премьер-лигасы коммерциялық тұрғыда футболдағы ең сәтті жоба саналады. Премьер-лигадағы 20 команданың жартысы букмекерлік кеңселермен демеушілік келісімшартқа отырған. Орташа алғанда, мұндай келісімшарт клубқа жылына 10 миллион еуро әкеледі.

Америка Құрама Штаттарында жасөспірімдер мен балалардың барлық спорт ұйымдары жекеменшік болып табылады. Сол үшін хоккей, футбол сияқты спорт түрлеріне кедей отбасылардың балалары қол жеткізе алмайды. Алайда букмекерлік кеңселерден түскен демеушілік қаражат балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Украинада ұлттық ойын түрлерін дамыту мақсатында ойын бизнесінен ақша тарту туралы заң қабылдау ұсынылып отыр. Ресейде букмекерлік кеңселер өз табысының 5 пайызын ұлттық спорт федерацияларына аударады.

Құмарлық, спортқа қызығушылық және бәс тігу – адам табиғатына тән қасиет. Қазіргі депутаттардың немесе министрлердің қайсысы футбол немесе хоккей ойнамады? Жеңіске жеткен кезде алатын керемет әсерді шынымен ұмытқаныңыз ба? Спортқа деген құштарлық әр адамның бойында бар. Бірақ оны басып-жаншыса, арты жақсылыққа апармайды. Эмоцияның сыртқа шығуына жол берген дұрыс.

Жандарбек АҚТОТАЕВ,
Алматы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия