jasqazaq.kz

Ойын алаңында аю адамдарға шабуыл жасады

28 мамыр 2019, 13:51

Ресейдің Краснояр аймағында Северо-Енисей ауылындағы оқиға елдің есін шығарды.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап жазғандай, жергілікті БАҚ қорбаңдаған аю орманын тастап, елді мекенге бет алып, ақыр аяғында балалар ойнайтын алаңға келіп «ойнағаны» туралы хабар таратты.
Ауыл тұрғындары көшеден алып жыртқышты көре салысымен лезде жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласқан. Кең көшеде емін-еркін жүрген аю бір мезетте ойын алаңына қарай беттеген. Осылайша адамға «еркелеген» аю туралы ақпаратты жергілікті ішкі істер басқармасының мәлімдемесі де растапты.
«Тұрғындардан аю көргендері туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен аңшы жедел жетті. Алдымен жыртқышты арнайы әдістер арқылы орманға қайта қуып жіберуге әрекет жасалынғанымен, аю шуға құлақ аспапты. Керісінше қырсығып, адамдарға қарсы шабуыл жасай бастаған соң полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған», — деді жергілікті ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Владимир Юрченко.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда