jasqazaq.kz

«Охотзоопром» қызметкерлері айыпталуда

05 қараша 2019, 11:08

Полицейлер браконьерлер тобының қорықтағы 154 бас ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді. Бұл туралы Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. Қылмыс осы жылдың наурызында тіркелген болатын. «Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы» РМҚК директорының полицияға мәлімдегендей, 17 наурызда қорық аумағының ішінде атып өлтірілген және мүйіздері кесілген 154 ақбөкен денесі табылды. Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 миллионнан аса теңгені құрады.

Ақбөкендерді ату фактісі тіркелді және ҚР ҚК-нің 337-бабының 5-бөлігі («Заңсыз аң аулау») бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған және олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары өлтірілген жануарлардың мүйіздерін сатып алған адамды анықтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрбандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-на сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйіздері табылып, алынды. Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша кінә тағылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда