jasqazaq.kz

«Охотзоопром» инспекторы киік ату күдігімен ұсталды

26 наурыз 2019, 14:29

Киікті жаппай ату күдігімен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі — ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты.

«17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам өлі киік табылды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады. «Күдіктілерге қатысты сот шешімімен «қамауда ұстау» жазасы қолданылды. Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды. Тергеу жалғастырылуда», — деді Нұрділдә Ораз.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде