jasqazaq.kz

Өгей ұлын балтамен шауып, жертөлеге көміп тастаған

14 тамыз 2018, 14:49

 Ресейдің Кемерово облысында 37 жастағы әкесі 28 жастағы өгей ұлын балтамен шауып өлтіріп, жертөлеге көміп тастапты.

Бұл туралы аймақтық РФ тергеу комитеті хабарлайды. Ер адам көңілдес әйелмен бірге тұрған. Әйелдің 28 жастағы ұлы жиі арақ ішіп, туыстарымен жанжал шығарып отырған. «Ұлы удай мас болғанын көріп, оның ұйықтағанын күткен. Қатты ұйқыға кеткенде басынан балтамен екі рет қатты ұрған, сол кезде ол тіл тартпай кеткен, — деп жазылған хабарламада. Қылмыс болып жатқанда ұлдың шешесі көрші бөлмеде болған. Еркек ұлының денесін жертөлеге сүйреп апарып, сол жерде көміп тастаған. Сосын матрасын өртеп, қабырғаны бояп, жерге шашыраған қанды жуған. Болған жәйтті ұлдың анасына айтқанда, ол полицияға хабарламаған. Құқыққорғаушылар бұл жайтты қылмыс жасаған адам танысына айтқанынан білген. Полиция мәліметті тексеріп, ер адам қылмысын мойындады. Қазір күдікті қамауға алынып, қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде