jasqazaq.kz

Өгей шешесі мен оның анасын сабаған күдікті ұсталды

20 тамыз 2019, 12:53

Түркістан облысында қарт әйелдерді соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, іздеу салынған күдіктіні ұстауға бірнеше тәулік кеткен. «Келес аудандық полиция бөліміне ауруханаға екі әйел дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын өгей шешесі мен анасын жарақаттап, қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтады. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107 және 149-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бірнеше тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шарасының арқасында күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде