jasqazaq.kz

Өгей қыздарын азаптап келген келіншекке сот үкім шығарды

01 шiлде 2019, 22:09

Сот
Түркістанда жасөспірім үш қызды екі жылға жуық азаптап келген өгей шешеге қатысты үкім шықты. Бірер күн бұрын ғана босанған Жұлдыз Көбееваны сот кінәлі деп тауып, оған 4 жарым жыл жаза кесті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жетісайлық 28 жастағы келіншек кәмелетке толмаған үш қызды аса қатыгездікпен қинап келгені биыл сәуір айында әшкере болған. Ол екі жылдай күйеуінің бірінші некеден қалған үш қызының тырнақ астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, тіпті ыстық суға отырғызып келген. Бұл сұмдық жайлы қыздардың бірі мұғаліміне айтып берген. Қатыгез келіншек қинау түрлері мен жазалау мерзімін жазып отыру үшін арнайы дәптер де арнаған. Енді ол абақтыдан шыққанша екі жасар ұлын күйеуі тәрбиелейді. Ал, қырқынан да шықпаған шақалақтың тағдырын арнайы орындар шешпек.

Қанатбек Қоңырбаев, Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

— Cол кішкентай баланың тағдыры қазір сол аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қауына, осы қорғаншылық қамқоршылық мәселесін шешу үшін сол кісілерге берілді. Ар жағы сол атқару жүйесі білім бөлімі өздері сол баланың тағдырын өздері шешеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда