jasqazaq.kz

Өгей ананың қатыгездігі (видео)

30 қантар 2018, 22:29

Маңғыстау облысының Бейнеу аулының тұрғыны өзінің 16 жастағы өгей ұлын 20 жерінен пышақтап өлтірген деген күдікпен қамауға алынды. Ал марқұмның туған анасы баласының өгей шешесімен тату тұрмағанын айтады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Тіпті ұлын алдағы жазда туған анасы қайта өзіне алуды да жоспарлапты. Кәмшат Қожақова: Ажырасқанда бала күйеуімнің қолында қалды. Енеміз өзім бағам өзім қағам деп айтқан. Қалса қалсын жетімдер үйі емес қой әкесінің үйі ғой, барып көріп тұрам ғой сағынғанда дедім мен.Өзім ойым болды солай. Баланы котельда пышақтап сарайға бала бүктетіліп барған дейді. Балаға бір рет пышақ тықпаған 20 жеріне пышақ ұрып тастаған. Бұл сұмдық маңғыстаулықтарды дүр сілкіндірді. Мектептегілер де 9-класс оқушысының кісі қолынан қаза тапқанына сене алар емес. Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті бала болғанын айтады. Өгей анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазір тергеу анықтап жатыр. ІІД қылмыстық іс қозғады. Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: Бейнеу ауданында болған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық Кодексінің 201-ші бабы бойынша бұдан өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды