jasqazaq.kz

Өгей ананың қатыгездігі: дәрігер балалардың жағдайын айтты

17 сәуiр 2019, 15:16

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрді деген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Мамандардың айтуынша, үш жасөспірімнің денесінен көптеген жарақаттар, маңдай және оң аяғында инфекциялық жаралар және дененің көгеруі анықталған. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Мира Сүлейменова, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: «Ағымдағы жылдың 12- сәуір Жетісай аудандық ауруханасына үш жасөспірім түсті. Түскен кездегі жағдайы қанағаттандырарлық. Травматолог, неврапатолог және психолог қыздарды тексеріп шыққан. Денесінен көгерген іздер, түрлі жарақаттар анықталып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазір қажетті емін алуда. Арнайы психолог жасөспірімдермен жұмыс жасауда».

Аталған жәйтқа қатысты Жетісай ауданындағы полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы Түркістан облысының Полциция департаменті хабарлады.

Елдің жағасын ұстатқан өгей шешенің әрекеті туралы әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда. Алғашқылардың бірі болып Эльмира Ешниязова атты азаматша өзінің жеке Инстаграмм парақшасында үш жасөспірімнің жағдайы туралы видео жариялаған.

Автордың айтуынша, жасөспірімдерді өгей шешесі ұрып-соғып, қысқышпен (плоскогубцымен) тілін және денесін қысып, аяқтарына пышақ сұғып, қорлық көрсеткен. Дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайтты құзырлы органдар анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда