jasqazaq.kz

Өгей әкесінен таяқ жеген 2 жасар баланың жағдайы ауыр

24 қыркүйек 2019, 12:21


Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 қыркүйек кешкі 16:00 шамасында Алатау ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне ауруханадан хабар келіп жеткен. «Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Бала комаға түсіп қалған. Полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен сұрақ-жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу материалдарының арқасында ұлды өгей әкесі ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі ұрып тастапты», — дейді Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева. Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Осыдан 1,5 ай бұрын Алматы облысынан қалаға көшіп келген «Көкқайнар» шағын ауданында тұрып жатқан. «Қазір бұл жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті қамауда отыр. Бұрын ол бірнеше рет ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деді Ләйла Әліпбаева.

 ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде