jasqazaq.kz

Өгей әкесі соққыға жыққан 8 жастағы баланың жағдайы ауыр

23 сәуiр 2020, 12:25

Талдықорғанда өгей әкесі ұрған 8 жастағы бала ауруханада жатыр. Ал 1987 жылғы азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облыстық Балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиевтің айтуынша, баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

«Баланың жағдайы ауыр. Әлі жансақтау бөлімінде болады. Науқас жасанды тыныс алу апаратынан ажыратылып, өзі демалып жатыр. Сөйлейді, тамақ іше алады», — деді М. Досқалиев.

8 жастағы оқушы ауруханаға 19 сәуір күні түнгі сағат 00:30 шамасында түскен.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 1987 жылғы күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қорытындысына сәйкес, іс сотқа жолданады», — делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген хабарламасында.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық