jasqazaq.kz

Өгей әке 7 жасар қызын зорлады деп күдіктелуде

16 қазан 2019, 12:32

Павлодарда ер адам 7 жасар өгей қызына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Мұндай жаға ұстатарлық ақпарат «Не молчи.kz» қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Олардың мәліметінше, 7 жасар қыз қазан айының басында сексуалдық зорлыққа ұшыраған.

«Гинеколог қыздың жарақаттары бар екенін айтуда. Ал сот-медициналық сараптама жоққа шығарды. Біз балалардың өмірі үшін күресіп жатырмыз ба әлде статистика үшін бе?» — деп жазды қордағылар.

Stan.kz ақпарат агенттігі оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция басқармасына сауал жолдады. Ведомстводағылар аталған ақпаратты растады. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда