jasqazaq.kz

Өгей әке 12 жастағы жеткіншекке азғындық жасады деп айыпталуда

05 қантар 2018, 16:28

Ақтөбе облысына қарасты Қандыағаш қаласында 31 жастағы ер адам қамауға алынды. Кәмелеттік жасқа толмаған өгей баласына азғындық жасауы мүмкін деген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

31 жастағы ер адам әйелі жоқ кезде 12 жастағы өгей баласына азғындық әрекеттер жасаған деп күдіктелуде. Баланың анасы бұл жайт туралы білген бойдан полицияға арыз түсірген.

Бейресми деректерде ер адамның азындық әрекеттерді бірнеше рет жасағаны айтылады. Өгей әкесінен қатты қорыққан ер бала болған жайды анасына айтып беруге қорыққан.

«Осы іс бойынша Мұғалжар аудандық ІІБ-мен іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 124 бабымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс қозғалған бапта жыныстық қатынас туралы айтылмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге басқаша азғындық көрсетуі мүмкін.

ІІД оқиғаға қатысты тергеу амалдарының жүруіне байланысты басқа мәлімет бере алмайтындарын хабарлады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды