jasqazaq.kz

Оқушы үздік бағаға оқыған сыныптасын қызғанып, оған у берген

26 тамыз 2017, 18:37

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында оқитын 13 жасар оқушы қыз сыныптасына масаға қарсы дәрі беріп улады. Ол өзінен жоғары баға алғанын қызғанған.

Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Құрбысының емтиханды әлдеқайда сәтті тапсырғанын білген соң, оқушы қыз оның бөтелкесіне жәндіктерге қарсы токсинді зат қосып жіберген. Арада біраз уақыт өткен соң уланып қалған жасөспірімнің жүрегі айнып, ата-анасы оны ауруханаға жеткізді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Ал сыныптасын өлтірмек болған қыз сол уды өзі де ішіп, суицид жасамақ болған. Қос қыз бір ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жасөспірім қыздың сыныптасының бөтелкесіне токсинді зат құйып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде