jasqazaq.kz

ОҚО-да «қашып» кеткен қыз табылды

30 тамыз 2017, 17:37

ОҚО полицейлері ұрланған 17 жасар қызды тапты

 

  Осыдан бірнеше күн бұрын Сайрам АІІБ-не ата-анадан кәмелетке толмаған қыздарын белгісіз біреулер алып қашып кеткені жайлы шағым келіп түсті, деп хабарлайды  patrul.kz.

Аталмыш дерек Сайрам АІІБ-інің ҚР ҚК 126-б. «Бостандықтан заңсыз түрде айыру» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіміне тіркелген.

«17 жасар бойжеткеннің қай жерде екенін іздеп табу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Бірнеше күн өткен соң жедел-іздестіру шаралар барысында полицейлер жоғалған бойжеткенді Шымкент қаласында жігітінің туыстарының үйінен тапты. Қыздың айтуынша, оны ешкім алып қашқан жоқ, ол өзі еркімен өзінің жүретін жігітімен оған тұрмысқа шығу үшін үйінен қашып кетті, өйткені қыздың ата-анасы оған қарсы болған көрінеді. Қазіргі таңда тергеушілер бұл оқиғаның барлық жағдайларын анықтауда», — деп түсіндірді полицейлер.

Айта кететіні, жылдың басынан Сайрам АІІБ-інде қыздарды үйлену мақсатпен ұрлаудың 17 дерегі тіркелген. Демек, олардың барлығы да тараптардың келісімімен жалғасын таппай, тоқтатылған.

 «Жастардың бұндай жауапсыздығы олардың ата-аналарын уайымға салып, полицейлердің уақытын алады. Оларды іздеу жолына жұмсалған уақыт пен қаржыны нағыз қылмыстардың ашылуына жұмсауға болар еді», — делінген полицейлік ақпаратта.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде