jasqazaq.kz

ОҚО-да анасын алдаған 17 жастағы қыз сот алдында жауап беруі мүмкін

08 тамыз 2017, 17:48

Оңтүстік Қазақстан облысында жігітімен түнімен қыдырып, анасына өзін «алып қашты» деп өтірік айтқан қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді ол жалған ақпарат бергені үшін жазалануы мүмкін.

Оқиға Мақтарал ауданында орын алған. 2000 жылы туған қыз үйіне түнгі уақытта келіп, анасына өзін белгісіз ер адамның алып қашқанын және үйінде күшпен ұстап отырғанын айтыпты. Зәресі ұшқан әйел дереу полицейлерге арызданған.

Полицейлер жүргізген шұғыл іздеу жұмыстарының барысында ешқандай да қылмыстың орын алмағаны анықталды. Бойжеткен қыз түні бойы уақытты өзінің жігітімен өткізіп, анасынан ұрыс естімеу үшін өтірік айтқан. Енді ол бүкіл ішкі істер бөлімін аяқтан тік тұрғызғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

sn.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде