jasqazaq.kz

ОҚО-да алғаш рет қыркүйекте қар жауды

30 қыркүйек 2017, 9:18

Оңтүстік Қазақстан обылысында алғаш рет рет қыркүйекте қар жауды. Ақ ұлпа өңірдің таулы деген Төле би,Түлкібас аудандарына жауған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар жауған қардың суретін әлеуметтік желіде жариялауда. Кешелі бері күн күрт суытқан өңірде жауынның соңы осылайша қарға ұласты. Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында қар қыркүйектің 23-і күні жауған болатын. Соның суығы енді оңтүстік өңірге де келіп жетті. Таулы ауданның тұрғындары қардың жауатынын күтпегендіктен, оған аса қуана қоймады. Себебі, жергілікті тұрғындар қысқы отынды әзірлеп үлгермеген еді. Ал синоптиктер болса апта басында ел аумағында ауа райы құбылып, күннің суытатынын, жаңбырдың соңы қарға ұласатынын хабарлаған болатын. Бүгін де дабылды ескерту жасалды. 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жаңбырдың соңы сулы қарға ауысады деп болжанған. Тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталатыны ескертілді. Ал, қыркүйектің 29-нан 30-на қараған түні ауа температурасы кей жерлерде 3 градусқа дейін төмендейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық