jasqazaq.kz

ОҚО-да 58 полицей жұмыстан шығарылды

07 қыркүйек 2017, 12:38

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлерлер жұмыс кезінде ішімдік ішіп, көлік жүргізген. Құқық бұзушылыққа жол берген 58 полицей қызметінен шеттетілді.

Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібі мен әдебі қаралған алқалы жиында осындай заңбұзушылық әрекеттер сөз болды. Мәселен, өңірде соңғы 7 айда жол ережесін бұзғаны үшін 227 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 13-і — мас күйінде көлік тізгіндегендер екені анықталды. 10 адам жұмыс уақытында ішімдік ішіп, рульге отырған болып шықты. Ал, жыл басынан бері 370 полиция қызметкеріне қатысты құқық бұзушылық анықталған. 88-іне ескерту берілгенімен, жағдай оңалмапты. Полицейлердің көлігіне қатысты 22 жол көлік оқиғасы тіркелсе, соның 2-інде тәртіп сақшылары кінәлі екені анықталған. Ал, жуырда ғана Шымкенттің іргесіндегі Мәртөбе елді-мекенінде бір полицей жолдан өтпек болған бір отбасы мүшелерін қағып кетіп, отағасы оқиға орнында мерт болған. Оның әйелі мен баласы ауыр халде ауруханаға түскен болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде